
2022 жылғы 27 шілдеде өңірлік коммуникациялар орталығында Павлодар облысының аумағында шомылу маусымының өтуі мәселесі бойынша баспасөз конференциясы өтті.
Спикер ретінде Павлодар облысы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері майор Теміржан Ермекұлы Танжанов сөз сөйледі.
Қазіргі уақытта өңірде су айдындарының жанында 40 демалыс орны, оның ішінде 22 коммуналдық және 18 жеке меншік жұмыс істейді.
Облыстың су айдындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында шомылу кезеңінде профилактикалық іс-шаралар жүргізіледі. Бүгінгі күні 700-ден астам рейд жүргізілді, 20 мыңнан астам жадынама таратылды, 63 суға түсуге тыйым салу белгілері орнатылды, 20 ақпараттық стенд (билбордтар, баннерлер және т.б.), сондай - ақ Павлодар қаласында 25 тыйым салатын белгіде учаскенің сипаттамасын көрсететін QR-кодтар орнатылды, - деді Павлодар облысы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері Танжанов Теміржан Ермекұлы.
Спикер сондай-ақ, белсенді жүргізіліп жатқан алдын алу шараларына қарамастан, бүгінгі күні шомылу маусымы басталғаннан бері су айдындарында адамдардың қаза болуының 6 фактісі тіркелгенің, оның ішінде 1 бала қаза тапқанын атап өтті. Сонымен қатар 4 адам, оның ішінде 1 бала құтқарылды.
Суда адамдардың қаза болуының негізгі себептері жабдықталмаған жерлерде суға шомылу себебінен болатынын атап өту қажет.
Баспасөз конференциясының соңында спикер Павлодар облысының тұрғындарын судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды.
Павлодар облысының ТЖД