ШҚО құтқарушылары балаларға арналған кезекті мультфильм шығарды

ШҚО құтқарушылары балаларға арналған кезекті мультфильм шығарды

Шығыс Қазақстан облысының ТЖД құтқарушылары балаларға қауіпсіздік негіздерін оқытуды ерекше тәсілдер арқылы жүргізеді. Оларға кішкентайынан қауіпсіздік қағидаларын үйрету үшін шығармашлық көзқарас қажет. Сол себепті облыстық ТЖД қызметкерлері MediaPRO.KZ ЖШС-мен бірлесіп балалардың судағы жүріс-тұрыс ережелерін үйретуге арналған «Тентек пен Айя» атты екінші мультфильмін шығарды. Бұған дейінгі шығарылым өрт қауіпсіздігі ережелерін үйретуге арналған болатын.

Мәтіннің авторы өскемендік Илья Волков. Компьютерлік графика мен анимацияны  MediaPRO.KZ ЖШС маманы Денис Костив жасады.

Анимациялық мультфильмді жасаушылар суға шомылу маусымы кезеңіндегі жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында, балаларға су қоймаларына ересек адамдардың қарауынсыз барудың қауіпті екенін айтып,  қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес берді.

ТЖД қызметкерлері балаларға судағы қауіпсіздік шараларын түсіндірудің осындай ерекше тәсілін қолданғандарын атап өтті.

«Тентек пен Айя» атты мультфильмінде құтқарушылар балаларға суда өзін қалай ұстау керектігі туралы айтып, қарапайым және түсінікті нұсқаулар берді. Сонымен қатар қауіпсіздік ережелерін бұзу қандай қиындықтарға әкелетінін мысалдар арқылы келтірді.

Мультфильмді ШҚО ТЖД-ның Instagram және YouTube ресми парақшаларында  көруге болады.

 

 

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі