«Қазхром» Трансұлттық компаниясы» АҚ филиалы – Ақтөбе ферроқорытпа зауытын тексеру нәтижелері

«Қазхром» Трансұлттық компаниясы» АҚ филиалы – Ақтөбе ферроқорытпа зауытын тексеру нәтижелері

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторлары, 2022 жылдың бірінші жартыжылдығына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізу кестесіне сәйкес «Қазхром» Трансұлттық компаниясы» АҚ филиалы – Ақтөбе ферроқорытпа зауытының қауіпті өндірістік объектілері мен қауіпті техникалық құрылғыларына тексеру жүргізді.

Кәсіпорын қызметінің негізгі түрі ферроқорытпа өндірісі болып табылады.

Тексеру барысында 15 объекті (ЖЖМ қоймалары, резервуарлар, өндірістік цехтар және басқалар) тексерілді. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарының 42 бұзушылығы анықталды. Мемлекеттік инспекторлармен анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берілді және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 298-бабы 1-бөлігі және 299-бабы 1-бөлігі бойынша айыппұл түрінде әкімшілік жазалар салынды.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының негізгі бұзушылықтары:

- №2 балқыту цехының шатыры ыстық аралықта (кей жерлерде тесіп өтетін тесіктердің болуы) су ағып өтуі;

- шлактарды қайта өңдеу бөлімшесінде балқыту цехының құю полигонында № 5 және №6 закромдар арасындағы бөлу қабырғасының қирауы;

- 4-ші галереяның темірбетон бункерінің, арматурасының ашық болуы, жарықтардың болуы;

- зауыт жұмысшыларының білімін тексеру және дайындауды қамтамасыз ету бойынша талаптардың сақталмауы және басқалар болып табылады.

Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорын өкілдерімен кеңес өткізілді, онда тексеру барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының, оның ішінде: «Қара, түсті, бағалы металдардың балқымаларын және осы металдардың негізінде алынатын қорытпаларды өндіру бойынша қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» талаптары түсіндірілді.

 

ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті