
2022 жылғы 25 шілдеде сағат 19.45-те Алматы облысы ТЖД Қонаев өңірінің Жедел-құтқару жасағының құтқарушыларымен Қапшағай су қоймасында, №7 қалалық жағажай маңында патрульдеу кезінде, жағадан 150 метр қашықтықта шомылу кезінде, тереңдікке түсіп бата бастаған, 2007 жылы туылған қыз бала құтқарылды.
Құтқарылған қыз жағаға жеткізіліп, ата-анасына тапсырылды.
Ата-анасымен және басқа да демалушылармен судағы қауіпсіздікті сақтау бойынша түсіндірме әңгімесі жүргізілді.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі