2022 жылғы 3-5 тамызда Қостанай облысында Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин жұмыс сапарымен болады.
Министр Қостанай облысының тұрғындарымен және кәсіпкерлерімен кездесу өткізеді, сондай-ақ азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады.
Брифинг барысында Министр журналистердің министрлік қызметі туралы сұрақтарына жауап береді.
Азаматтық қорғау органдарының құзыретіне жататын азаматтардан сұрақтар, сұрау салулар мен ұсыныстар жинау Төтенше жағдайлар министрлігі интернет-ресурсының «Сұрақ-жауап» айдары («халықпен кездесу» санаты) және электрондық пошта бойынша жүргізілетін болады ps_dchs_kost@emer.kz, ps@emer.kz, gdo_dchs_kost@emer.kz, сондай-ақ 8 714 2 50 27 98 телефоны арқылы, WhatsApp 8 777 3016 888.
Алдын ала сұрақты беру үшін «Сұрақ-жауап» бөлімінде «сұрақ қою» батырмасын басу және «халықпен кездесу» санатын таңдау қажет.
Сұрақтар 2022 жылдың 1 тамызына дейін қабылданады.
Тіркелу кезінде аты-жөніңізді, ЖСН/БСН, мекенжайыңызды, байланыс деректеріңізді (ұялы телефон нөмірін) көрсету қажет, сұрақтың мәнін жазу қажет («2022 жылғы 4 тамызда халықпен кездесу» хатының тақырыбын көрсете отырып).