Бейбіт заманда ерліктің білекте емес, жүректе екенін өмірде орын алған оқыс оқиғаларда қара басын қатерге тігіп, адамды ажал аузынан арашалап қалған қаһармандар дәлелдеп жүр.
Өмір мен өлім қатар келген қас-қағым сәтте әрбір адамның бойында болатын қорқынышты жеңіп, жанкешті әрекеттерге барған ержүрек азаматтарымыз аз емес. Солардың ішінен жас балалардың орны ерекше.
Өрттен екі інісін құтқарған жасөспірім қыздың жасаған ерлік іс-әрекеті көпке үлгі болардай батылдық нышаны. Жасөспірім қыздың жасаған ерлік іс-әрекеті Шымкент қаласы ТЖ департаменті басшылығы назарынан тыс қалдырмай, 2010 жылғы Анна Юрьевна Саворовскаяны марапаттауға ұсынды.
ҚР ТЖ министрлігінің 2022 жылғы 20 шілдедегі № 253 бұйрығына сәйкес Анна Юрьевна Саворовская «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалімен марапатталды.
Төтенше жағдайларда төңген қауіп-қатерге қарамастан жанашырлық танытып, көмекке келген азаматтардың ерлігін ұлағаттау қоғамдағы жанашырлықты, қауіпсіздік мәдениетін халықтың санасында арттырудың негізгі нышаны болып табылады.
Шымкент қ.ТЖД қоғаммен байланыс тобы