Азаматтарды бірыңғай қабылдау күні

Азаматтарды бірыңғай қабылдау күні

2022 жылдың 23 шілдесінде Павлодар қаласының орталық жағалауында сағат 15-тен 20-ға дейін Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен «Азаматтарды бірыңғай қабылдау күні» акциясына қатысты.

Біздің өңірдің әрбір тұрғыны азаматтық қорғау органдарына қызметке қабылдау, Азаматтық қорғау Академиясына түсу, Азаматтық қорғанысқа қатысты сұрақтар, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі бойынша сұрақтар бойынша өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап ала алды.

Аталған іс-шараға департаменттің Кадр саясаты басқармасының және "ӨСжАҚЖҚ" ММ бастықтары, департаменттің Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы, Павлодар қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы және департаменттің өрт бақылау басқармасының мамандары қатысты.

Осы шуақты күні жағалауды аралаған барлық азаматтарға үгіт-насихат буклеттері таратылды, тиісті кеңестер берілді және азаматтардан жалпы азаматтық қорғау органдарының жүйесін жақсарту бойынша ұсыныстар алынды.

 

 

Павлодар облысының ТЖД