Шымкент қаласы ТЖ департаментінің «101» басқару пультіне 2022 жылғы 21 шілдеде сағат 14.42-де Еңбекші ауданы Сайрам көшесіндегі өрт туралы ақпарат келіп түсті.
Оқиға орнына келген алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері бұрынғы кірпіш зауытының аумағында «NIК Дистрибьюция» ЖШС бір қабатты қойма ғимараты жанғанын анықтады. Ғимараттың өзі П-тәрізді, аумағында ішінара 2 қабатты қосымша ғимараттар бар.
Алдын ала деректер бойынша қоймада ЛДСП, ламинат және тұрмыстық техника сақталған. Өрттің жалпы ауданы 1800 шаршы метрді құрады. Өрт сағат 17.07-де оқшауланып, сағат 21.34-те сөндірілді. Өрттің себептері және материалдық залалдың мөлшері анықталуда.
Сағат 19.50-де 600 ш.м. көлемінде шатырдың құлауы орын алды. Қойма үй-жайында 1 жеңіл автокөлік, 1 КАМАЗ, 3 жүк тіркемесі жанған. 1983 жылғы бір жұмысшы ер азамат зардап шекті, алғашқы медициналық көмек көрсетілді, ауруханаға жатудан бас тартқан.
Оқиға орнына 2 БИС шақыру дәрежесі бойынша 120 қызметкер, Шымкент қаласы ТЖ Департаменті Өрт сөндіру қызметінің 25 техникасы, 1 өрт пойызы, Апаттар медицинасы орталығы филиалының 1 бригадасы, 1 жедел медициналық жәрдем бригадасы, полиция департаментінің 30 қызметкері мен 9 техникасы, жергілікті атқарушы органдардың 7 қызметкері мен 7 техникасы жұмылдырылды.
Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобы