ТЖ министрі халықпен кездесу өткізді

ТЖ министрі халықпен кездесу өткізді

Жұмыс сапарының екінші күнінде ТЖ министрі Юрий Викторович Ильин Ақтөбе облысының бірқатар нысандарын аралап, жұмыс барысымен танысты.

Алдымен Есет батыр шағын ауданындағы және Құршысай ауылындағы жаңадан салынып жатқан өрт сөндіру бөлімдерінің құрылыс жұмыстарын көріп, Мәлік Ғабуллин атындағы азаматтық қорғау академиясының Ақтөбе қаласындағы оқу орталығының материалдық-техникалық базасымен, білім беру бағдарламаларымен танысты. «Қазхром» ТҰК АҚ Ақтөбе ферроқорытпа зауытының 4-цехы және №406 Авиажөндеу зауытын аралады.

Сонымен қатар, Назарбаев Зияткерлік мектебі базасында жасөспірімдермен кездесіп, дарынды жасөспірімдерге сәттілік тіледі.

Бұдан әрі Юрий Викторович Ильин Ақтөбе қаласындағы Аманат партиясы ғимаратында азматтарды қабылдап, тұрғындармен кездесті.

Юрий Ильин кіріспе сөзінде министрлік қызметінің басты бағыттары мен атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.  Атап айтсақ, ТЖМ атқарылып жатқан жұмыстарының қызметі туралы тілге тиек етілді.

Тұрғындармен кездесу барысында ТЖ министрі Төтенше жағдайлардың  алдын алу және жою, дала және орман өрттерін болдырмау, Суға шомылу кезіндегі балалар қауіпсіздігі сұрақтары талқыланды.

                           

 

Ақтөбе облысының ТЖД баспасөз қызметі