
2022 жылғы 20 шілдеде өңірлік коммуникациялар орталығында Павлодар облысы аумағындағы өрт қауіпті кезеңнің өтуі мәселесі бойынша баспасөз конференциясы өтті.
Спикер ретінде Павлодар облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Сергей Афанасьевич Огай сөз сөйледі.
Өрт қауіпті кезең басталғаннан бері Павлодар облысының аумағында 91 орман өрті және 145 дала және жайылма жануы тіркелді, оның 39-ы Ертістің жайылма аумағында болды. Табиғи өрттер мен жанулар болған жалпы алаң 4 562,6 гектардан астам жерді құрағанын Павлодар облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Сергей Афанасьевич айтты.
Сондай-ақ спикер өрт қауіпті кезең басталғаннан бері елді мекендер аумағында жалпы 2 752 гектар алаңда шөптің 287 жануы және облыстың саяжай алқаптарында 70 өрт болғанын қосты.
Табиғи өрттердің, дала тұтануларының және олардың үлкен алаңдарға таралуының негізгі себептеріне халықтың өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзуы, от жағу, орылған егістікті өртеу, ауыл шаруашылығындағы өртеу, минералдандырылған жолақтардың болмауы, бұл себептер барлық табиғи өрттер мен жанулардың 50% - нан астамын құрайтының атап өту қажет.
Қазір облыс бойынша шаруа қожалықтары мен жеке тұлғалар өрт қауіпсіздігі шараларын сақтамай қыс мезгіліне ірі жем, шөп дайындау жұмыстарын бастап кетті.
Табиғи өрттер мен жанулардың туындау қаупін болдырмау және азайту мақсатында ТЖ департаменті, мүдделі мемлекеттік жергілікті атқарушы органдар алдын алу шараларының кешенін жүргізуде.
Баспасөз конференциясының соңында спикер Павлодар облысының тұрғындарын өрт қауіпті маусым кезеңінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырды.
Павлодар облысы ТЖД
Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы