
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторы 2022 жылдың бірінші жартыжылдығына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізу кестесіне сәйкес «SCHACHTBAU Kasachstan/ШАХТБАУ Қазақстан» ЖШС қауіпті өндірістік объектілеріне және қауіпті техникалық құрылғыларына тексеру жүргізді.
Кәсіпорын қызметінің негізгі түрі жер асты тау-кен және жарылыс жұмыстарының технологиялық процестерін жүргізу болып табылады.
Тексеру барысында 6 объекті (жерасты қазбалары, жерасты өздігінен жүретін жабдықтар) тексеріліп, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарының 12 бұзушылығы анықталды. Мемлекеттік инспекторлар анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 298-бабы 1-бөлігі бойынша айыппұл түрінде әкімшілік жаза салынды.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының негізгі бұзушылықтары:
- 480 метр көкжиекті дайындау жобасына (Алмаз-Жемчужина кен орны) желдеткіш-құрастыру штрегін үңгілеуге өзгеріс енгізілмегендігі;
- нормативтік қызмет мерзімі өтіп кеткен: өздігінен жүретін бұрғылау қондырғысы ВООMER 282, туннельді тиеу машинасы ITC 120N F4, шағын экскаватор ТС Twin Drive, телескопиялық фронтальды тиегіш 4270 СХ 100 Т өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында сараптамалары болмауы және басқалар.
Адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін бұзушылықтар бойынша Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына анықталған бұзушылықтар жойылғанға дейін ДНҚ Донской КБК шахтасының Желдету-құрастыру қуақазының тау-кен күрделі қазбаларын үңгілеу бойынша жерасты тау-кен және жарылыс жұмыстарын жүргізу туралы талап арыз жіберу түрінде жедел ден қою шаралары қабылданды.
Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорын өкілдерімен кеңес өткізілді, онда тексеру барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының, оның ішінде «Тау-кен және геологиялық барлау жұмыстарын жүргізетін қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» талаптары түсіндірілді.
ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті