«АрселорМиттал Теміртау» АҚ көмір департаментінің «Восточная» ОБФ жоспардан тыс тексеру нәтижелері

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ көмір департаментінің «Восточная» ОБФ жоспардан тыс тексеру нәтижелері

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторлары өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша берілген 2022 жылғы 4 наурыздағы №53 анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың орындалуын бақылау мақсатында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ көмір департаментінің «Восточная» ОБФ жоспардан тыс тексеру жүргізді.

Кәсіпорын қызметінің негізгі түрі Қарағанды көмір бассейнінің шахталарында өндірілетін көмірдің күлі жоғары, байытылуы қиын маркаларын байыту болып табылады. Кәсіпорын «АрселорМиттал Теміртау» АҚ металлургия комбинаты, сондай-ақ Ресей мен Украина кәсіпорындары үшін көмір концентратын шығарады. Фабрика аумағында 10 өндірістік корпус және АБК ғимараты орналасқан.

Тексеру барысында 43 объект тексерілді (ленталық конвейерлер, электромеханикалық шаруашылықтың жай-күйі, объектілердің сору желдеткішінің жай-күйі, пайдаланудың нормативтік мерзімі өткен техникалық құрылғыларды уақтылы ауыстыру және басқалар). Тексеру нәтижелері бойынша бұрын анықталған бұзушылықтар толық көлемде жойылмағаны анықталды.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарының 5 бұзушылығын анықталды. Мемлекеттік инспекторлар анықтаған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берілді және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 462-бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік материал толтырылып, ол өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарын бұзғаны үшін «АрселорМиттал Теміртау» АҚ басшылығына қатысты әкімшілік ықпал ету шараларын қабылдау үшін Қарағанды облысының Абай аудандық сотына жолданды.

Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорын өкілдерімен кеңес өткізілді, онда өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы талаптарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасын сақтауға қатысты, оның ішінде: «Қатты пайдалы қазбаларды қайта өңдеу бойынша жұмыстарды жүргізетін қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының», «Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» және «Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» талаптары түсіндірілді.

ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті