Қостанайда «Динамо» ДШСҚ мен ҚР ІІМ IX ведомствоаралық спартакиадасының бағдарламасында Президенттік көпсайыстан чемпионат өтті

Қостанайда «Динамо» ДШСҚ  мен ҚР ІІМ IX ведомствоаралық спартакиадасының бағдарламасында Президенттік көпсайыстан чемпионат өтті

2022 жылғы 16-18 шілде аралығында Қостанайда Қазақстан Республикасының Құқық қорғау органдарының, күштік және арнайы құрылымдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілері арасында Қазақстан полициясының 30 жылдығына арналған «Динамо» ДШСҚ  және ҚР ІІМ ІХ ведомствоаралық спартакиадасы бағдарламасында Президенттік көпсайыстан чемпионат өтті.

Облыстық полиция департаменттері атынан қатысқан 17 командадан 120 қатысушы және Қазақстан Республикасының күштік және арнайы құрылымдарының 6 командасы «Орталық» стадиондары мен ҚР ІІМ академиясында, Қ. Оспанов атындағы № 1 БЖСМ-де, Қостанай облысы Полиция департаменті тирінде күш, дәлдік, жылдамдық және ептілік бойынша күш сынасты.

Президенттік көпсайыс мыналардан құралады: Макаров тапаншасынан ату, жүзу, граната лақтыру, жас санаты бойынша 60 және 100 м жүгіру, 1 000 және 3 000 м жүгіру.

Аталған чемпионаттың қорытындысы бойынша Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің командасы жалпы 742 ұпай жинап, жалпыкомандалық 5–ші орынға ие болды.

Құтқарушылардың құрама командасының құрамында Қостанай қ. № 1 МӨСБ аға инженері азаматтық қорғау капитаны А. Паскарь, Денисов ауданы № 8 ӨСБ қарауыл бастығы азаматтық қорғау аға лейтенанты А. Куваншкиреев, Әулиекөл ауданы № 15 ӨСБ аға өрт сөндіруші-құтқарушысы азаматтық қорғау старшинасы Р. Молдабаев, Лисаков қ. № 3 МӨСБ аға өрт сөндіруші-құтқарушысы азаматтық қорғау сержанты Е.Сырымов, «Қостанай облысы ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ басқарма аппаратының инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты А. Құмбасов қатысты.

35 жасқа дейінгі күш және арнайы құрылымдар арасында жеке есепте Қостанай ТЖД өкілі Альберт Куваншкиреев 3 жүлделі орынға ие болды.

Чемпионаттың жеңімпаздары мен жүлдегерлері бағалы сыйлықтармен, грамоталармен, медальдармен марапатталды.

Қостанай облысының ТЖД