ІІМ-де қысқы кезең жағдайларындағы елдегі жедел ахуал туралы брифинг өтті

ІІМ-де қысқы кезең жағдайларындағы елдегі жедел ахуал туралы брифинг өтті

2020 жылғы 29 қаңтарда Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінде қысқы кезең жағдайларындағы елдегі жедел ахуал туралы брифинг өтті.

Спикер болып Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Ю. В. Ильин сөз сөйледі.

ТЖ басталғаннан бастап ауа райының нашарлауына байланысты автожолдар 418 рет жабылып, жолдың 44 учаскесінде қозғалысқа шектеу қойылды.

Барлық учаскелерде блок-бекеттер қойылды.

Қар құрсауында 2933 бірлік техника болды.

Жылыту пункттерінде 1483 адам, оның ішінде 128 бала орналастырылды (Нұр-Сұлтан – 58, Ақмола – 928, Ақтөбе - 53, Қарағанды – 249, Павлодар – 195).

Авариялық-құтқару жұмыстары мен жолдарды тазалау жұмыстарын тәулік бойы жүргізілуде.

Жалпы, ағымдағы жылғы 20-29 қаңтар аралығында халықтың алдын алу мақсатында ауа райының нашарлауы туралы 379 СМС-хабарлама жіберілді, «Дәрмен» мобильдік қосымшасы арқылы 563 хабарлама жіберілді.

101 дауылды алдын ала ескерту жарияланды (Нұр-Сұлтан – 5, Шымкент – 7, Ақмола – 13, Ақтөбе – 5, Алматы – 1, Атырау – 5, ШҚО – 7, Жамбыл – 2, БҚО – 5, Қарағанды – 5, Қызылорда – 13, Қостанай-8, Маңғыстау-7, Павлодар-3, СҚО-7, Түркістан-8).

ТЖ комитетінде және ТЖ бойынша 10 өңірлік департаментте (Ақмола, ШҚО, Жамбыл, БҚО, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, СҚО, Түркістан, Нұр-Сұлтан қ.) жедел штабтар құрылды.

«Қауырт желі» жұмысы ұйымдастырылды (454 қоңырау түсті).

Көрсетілген кезеңде барлығы 3377 адам, оның ішінде 335 бала қар құрсауынан құтқарылды, 3677 адам, оның ішінде 265 бала эвакуацияланды, 2933 бірлік техника шығарылды.

Авариялық-құтқару жұмыстарына 1364 адам және 618 бірлік техника жұмылдырылды: оның ішінде ІІМ (850 қызметкер, 297 бірлік техника), «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ (415 қызметкер және 245 бірлік техника), ЖАО (87 қызметкер және 70 бірлік техника), ҚР ҚМ (12 әскери қызметші, 6 бірлік БТР)

 

ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі