2022 жылғы 13 шілдеде Ақтоғай ауылдық округінің Приреченск ауылының маңында Карандашов Андрей Андреевич Ертіс өзенінде балық аулап отырғанда өзен жағасында ойнап жүрген үш баланы байқап қалады. Шамамен 16.00 сағатта суға батып бара жатқан балаларды көреді, Андрей балаларға айқайлап еді ешқандай дыбыс естілмеді. Ол ойланбастан бірден көмекке ұмтылады. Денсаулығының мықтылығының арқасында ол балаларды кезекпен кезек судан жағаға шығарады. Осыдан кейін А.Карандашов жедел жәрдем шақырып, судан алып шыққан үшінші балаға алғашқы медициналық көмек көрсете бастайды. Ол оған қиынға түседі, бірақ бар білгенін жасай береді сөйтіп дәрігерлер келгенге дейін медициналық көмек көрсетеп, есін жиғызады. Карандашовтың батыл және шешуші әрекеттерінің арқасында ағайынды үш ұлдың өліміне жол берілмеді.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенант Ю. Ильиннің 2022 жылғы 15 шілдедегі № 247 бұйрығымен Андрей Андреевич Карандашов "Суға батқандарды құтқарғаны үшін" медалімен марапатталды.
Бүгін, 2022 жылғы 18 шілдеде Қазақстан Республикасы ТЖМ Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, генерал-майор Ж.К. Жұмашев Министрдің тапсырысы бойынша Андрей Андреевич Карандашовты медальмен марапаттады және оған бағалы сыйлық табыс етті.
Павлодар облысының ТЖД