Өрт сөндірушілердің күшімен «ЛиманГаз» газ құю бекетіндегі өрт ауыздықталды

Өрт сөндірушілердің күшімен «ЛиманГаз» газ құю бекетіндегі өрт ауыздықталды

Ағымдағы жылдың 17 шілдесінде сағат 18: 50-де ТЖ департаментінің кезекші-диспетчерлік басқармасының пультіне Алға ауданы, Алға қаласы, Абай көшесі мекен-жайы бойынша орналасқан «ЛиманГаз» газ құю бекетінде сыйымдылығы 46 текше метр цистернаның жарылуы (2 дүрсіл) туралы хабарлама келіп түсті.

Шақырту орнына жедел түрде 26 қызметкер және 7 бірлік техника жіберілді.

Нәтижесінде «Тойота Камри» маркалы 1 жеңіл автокөлік, 1 тиеу автотехникасы, 2 отын тарату колонкасы жойылды және ауданы 22 кв.м. жанармай құю орнының әкімшілік ғимараты қирап, кейін ол жанып кетті.  

Өрт сөндірушілердің күшімен 2 тиегіш автотехникасы және сыйымдығы 54 квадрат метр цистерна құтқарылды.

Өрт 19 сағат 44 минутта ауыздықталды, 20 сағат 02 минутта толықтай сөндірілді.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Ақтөбе облысы ТЖД тұрмыста өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ескертеді‼

Өрт шыққан жағдайда дереу «101», «112» телефон нөмірлеріне хабарласыңыздар.

Ақтөбе облысы ТЖД баспаөз қызметі