Дауыл кезінде Бұқтырма су қоймасында батып бара жатқан катерден 24 адам құтқарылды

Дауыл кезінде Бұқтырма су қоймасында батып бара жатқан катерден 24 адам құтқарылды

17 шілде күні сағат 19 шамасында Ұлан ауданында «Аюда» демалыс базасынан 3 шақырым жерде орналасқан Бұқтырма су қоймасында 20 м/с дейін қатты соққан желдің салдарынан  «Садко» демалыс базасы бағытынан  «Аюда» базасына бағыт алған жергілікті жолаушылар катері батып кетті. Бортта 24 адам болған (21 жолаушы және команданың 3 мүшесі). ​Демалушылар Асқар Сайлаубаев, Дәулет Сайлаубеков, Дамир Мұхамадиев, Сұлтан Тайжанов жағадан не болғанын байқап қалады. Олар дереу гидроскутер және қайыққа мініп  оқиға орнына жетіп, ең алдымен сал үстіндегі балаларға судан шығуға көмектескен және 2 рейс жасап, барлық азаматтарды жағаға жеткізген. Барлығы 21 жолаушы, олардың 9-ы балалар және қайық командасы. Зардап шеккендер «Аюда» базасына орналастырылды. Барлық азаматтардың жағдайы қанағаттанарлық, оларға медициналық көмек қажет болған жоқ. Оларға қажетті көмек көрсетіліп, тамақтану ұйымдастырылды. Жолаушылардың заттарын оқиға орнынан ШҚО ТЖД құтқарушылары жағаға жеткізді. ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​

ШҚО ТЖД жақындап келе жатқан қатты жел мен дауыл туралы алдын ала хабардар етіп, ескерткен болатын.

​            ШҚО ТЖД баспасөз қызметі