ҚР ТЖМ еліміздегі өрт қауіпті кезеңнің өтуі туралы хабардар етті

ҚР ТЖМ еліміздегі өрт қауіпті кезеңнің өтуі туралы хабардар етті

2022 жылғы 18 шілдеде ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Бекболатұлы Дербісов пен оның орынбасары Дмитрий Аанатольевич Титовтың  қатысуымен брифинг өтті. Брифинг тақырыбы «Еліміздегі өрт қауіпті кезеңнің өтуі туралы».

Төраға атап өткендей, табиғи өрттердің алдын алу және оларды жою азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басты бағыттарының бірі болып табылады.

Қабылданып жатқан шараларға қарамастан, өрт қауіпті кезең басталғаннан бері 394 орман және 22 дала өрттері тіркелді. Жанудың жалпы ауданы 34 мың 785 гектарды құрады.

Жыл сайын елімізде сегіз жүзге жуық орман және дала өрттері тіркеледі. Табиғи өрттердің себептерін талдау көрсеткендей, жанудың тек 43% - ы табиғи құбылыстардан, найзағай разрядтарынан туындаған, ал 50% - дан астамы адамның қатысуы салдарынан болды.

ТЖМ бөлімшелерінің бастамасы бойынша азаматтық қорғау, полиция, әкімдіктер мен БАҚ қызметкерлерінен бірлескен мобильдік топтар құрылды, олар   7 427 бірлескен рейд жүргізіп, 1 165 өрт қауіпсіздігі талаптары бұзушылығын анықтады. Жергілікті атқарушы органдардың табиғат қорғау және орман шаруашылығы мекемелері 164 өрт-тактикалық сабақтар өткізді. Сонымен қатар барлық елді мекендерге қарау жұмыстары жүргізілді, облыс әкімдіктеріне аудандық және ауылдық әкімдердің өртке қарсы іс-шараларды орындауы туралы хабарлай отырып, олардың нәтижелері бойынша 3 585 елді мекенде құрғақ өсімдіктерден және жанғыш қоқыстардан тазарту жұмыстары жүргізілді, ұзындығы 19 мың км астам елді мекендердің айналасындағы минералдандырылған жолақтар салынды.

ТЖМ табиғатты қорғау және орман шаруашылығы мекемелерінің 213 объектісінің, сонымен қатар 55 балаларды сауықтыру лагерлерінің өртке қарсы жағдайына тексеру жұмыстарын жүргізді.

Ормандар мен далалардың жану ошақтарын уақтылы анықтау үшін тұрақты авиациялық патрульдеу жүргізіледі.

Қазіргі уақытта Республиканың Өрт сөндіру қызметтерінің қарамағында әртүрлі функционалдық мақсаттағы 3 321 бірлік техника бар. Әкімдіктердің қолдауының арқасында 2021 жылы 154 бірлік техника сатып алынды.

Бүгінгі таңда 541 өрт сөндіру бекеті 1,6 миллион халқы бар 1 602 елді мекенді қорғауды қамтамасыз етеді. Ағымдағы жылы жоспарланған 73 бекеттің 34-і салынды.

Қабылданып жатқан шаралардың арқасында ағымдағы жылдың өткен кезеңінде еріктілер мемлекеттік өртке қарсы қызметтің күштері мен құралдарын тартпай, дала өрттері мен жанудың үштен бір бөлігін өз бетінше жойды.

 Сөз соңында Нұрболат Дербісов рұқсат етілмеген өртеулер, ауыл шаруашылығы алқаптарында құрғақ шөпті бақылаусыз өртеу, орылған жерлерді өртеу және орман және дала алқаптарында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамағаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 336, 367, 410-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын еске салып өтті.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі