Елордалық құтқарушылар екі баланы құтқарды

Елордалық құтқарушылар екі баланы құтқарды

Бүгін, 15 шілдеде өрт сөндірушілер сағат 13:53-те  Төле би көшесі 46 мекенжайында өрт шыққаны туралы хабарлама бойынша шықты. Өрт сөндірушілер келіп жеткен кезде 6-қабат деңгейіндегі пәтердердің бірінде үй заттары мен тұрмыстық техника  өртеніп жатқаны анықталды. Барлау жұмыстарының барысында 6-МӨСБ аға өрт сөндіруші-құтқарушысы  Абылай Өтегенов және 4-МӨСБ бөлімше командирі Боханов Бағдат құтқару маскаларының көмегімен 2019 және 2021 жылы туған балаларды құтқарды.
Қазіргі кезде балалардың жағдайы бірқалыпты.  Өрт толығымен 14:23-те жойылды. Жалпы өртті сөндіруге елордалық ТЖД 3 бірлік техникасы мен жеке құрамның 13 адамы жұмылдырылды.

Адам өмірін құтқару- құтқарушылардың басты мақсаты. Осы орайда, елордалық ТЖД балалармен болатын оқыс оқиғаларды азайту және алдын алу мақсатында ата-аналардың, тұрғындардың назарын өрт қауіпсіздігін  сақтауға және балаларды қараусыз қалдырмауға аударады.

Өрт туындаған кезде  шұғыл түрде 101 нөміріне хабарласыңыздар!

Нұр-Сұлтан қ. ТЖД баспасөз қызметі