2020 жылғы 28 қаңтарда әуежайдың барлық мамандандырылған күштері мен құралдарын, Шымкент қ. ТЖ департаментін (Апаттар медицинасы орталығы филиалының бригадасы, жедел-құтқару жасақтың құтқару бөлімшесі), Көліктегі тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігін бақылау департаментін және аса қауіпті инфекциялардың әкелінуіне жедел әрекет ету жоспарында жұмылдырылатын мемлекеттік органдардың тарта отырып, әуе кемесіндегі барлық элементтерді пысықтап, командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізілді.
Іс-шара коронавирустық инфекцияны әкелудің алдын алу және болдырмау мақсатында, сондай-ақ «Шымкент әуежайы» АҚ медициналық қызметінің және санитарлық-эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізуге жауапты басқа да ұйымдар мен ведомстволардың дайындығын бағалау үшін өткізілді. Оқу-жаттығу барысында қабылдау, тасымалдау, тексеру және одан әрі іс-қимылдар пысықталды.
Оқу-жаттығудың ойы бойынша әуе кемесінің бортында «жаңа вирусты жұқтырғандар» күдіктілер болды. Бақылау департаментінің мамандары оларды қарсы алып, тексергеннен кейін, арнайы бокстарға тасымалдады. Мамандардың бір тобы әуе кемеде дазактивациялық жұмыстарын жүргізді. Апаттар медицина орталығы бригадасының психолог-мамандары әуе кемесінің шартты жолаушылармен түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Оқу-жаттығуға 20 адам жеке құрам мен 8 бірлік техника жұмылдырылды.
Арман Алпысбаев
Шымкент қ.ТЖД азаматтық қорғаныс бөлімі
подполковник