ҚР ТЖМ кеңейтілген алқа отырысы өтті

ҚР ТЖМ кеңейтілген алқа отырысы өтті

2022 жылғы 15 шілдеде министр Юрий Ильиннің төрағалығымен ҚР ТЖМ ағымдағы жылдың 1 жартыжылдығындағы азаматтық қорғау органдары қызметінің қорытындылары туралы алқа отырысы өтті. Оның жұмысына алқа мүшелері, орталық аппараттың құрылымдық бөлімшелерінің бастықтары, басшылары, ведомстволардың төрағалары, аумақтық және ведомстволық бағынысты мекемелер мен ұйымдардың бастықтары мен басшылары қатысты.

Алқа барысында министр есептік кезеңде 5 740 табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен оқиғалар тіркелгенін, онда 975 адам зардап шеккенін, оның ішінде 341 адам қаза тапқанын атап өтті. Материалдық шығын 2 млрд.488 млн. 14 мың теңгені құрады. «112» шұғыл қызмет телефондарына азаматтардан 3 410 717, «101» пультіне 758 465 қоңырау келіп түсті. Төтенше жағдайларды жою кезінде ТЖМ бөлімшелері 7 226 адамды құтқарды, ТЖ аймағынан 5 946 адам эвакуацияланды, 2 237 зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсетілді.

Алқа қатысушылары Министрліктің осы жылдың І жартыжылдығындағы қызметтік жұмысының қорытындыларын, тәртіптің, заңдылықтың және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жай-күйін, сондай-ақ осы жылдың І жартыжылдығындағы азаматтық қорғау органдарындағы бос лауазымдарды жасақтау туралы мәселелерді талқылады.

Алқа отырысының қорытындысы бойынша Төтенше жағдайлар министрі Ю.Ильин күн тәртібіндегі азаматтық қорғау органдарының қызметіне қатысты жоғарыда аталған мәселелерді орындауға бағытталған бірқатар тапсырмалар берді.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі