52859 әскери бөлімінің құрама командасы туристік көпсайыстан Қазақстан Республикасының жүлдегерлері атанды

52859 әскери бөлімінің құрама командасы туристік көпсайыстан Қазақстан Республикасының жүлдегерлері атанды

2022 жылғы 5 және 10 шілде аралығында Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында туристтік көпсайыстан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Оған еліміздің барлық облыстарынан туризм және альпинизм клубтары мен оқу орындарының спортшыларынан құрылған құрама командалар қатысты. Жарыс 7 этаптан құралған 10-12 шақырымдық ұзақ командалық «Кросс-жорықтан»,  жеке қысқа «Эстафетадан» және 6 этаптан құрылған  2 шақырымда жеке «Техникалық» этаптардан тұрды.

Жарыс өте күрделі кезеңдерден тұрды. Мәселен, бір ғана ұзақ командалық «Кросс-жорық» түрінің өзі қатаң түрде берілген маршрут бойынша спорттық топографиялық карталар мен навигациялық аспаптарды пайдалана отырып, жергілікті жерді бағдарлай отырып жүзеге асты. Барлық кезеңдер таулы жерлер мен орман кедергілері бар жерлерде өтті. Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан, жарыстың қорытындысы бойынша 52859 әскери бөлімінің құрама командасы ұзақ командалық «Кросс-жорық» түрінен жалпыкомандалық есепте 3 орын алып, туристтік көпсайыстан Қазақстан біріншілігінің жүлдегері атанды.

Біздің әскери қызметшілер туристтік көпсайыстан Қазақстан Респуликликасының спорт шеберлігіне үміткер дәрежесін орындады.

ҚР ТЖМ 52859 әскери бөлімі