Жеке құрамның жұмысы тексерілді

Жеке құрамның жұмысы тексерілді

Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары подполковник Әбдіқадыров Бекболат Қайырбекұлы және ТЖД "ӨСжАҚЖҚ" ММ Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Оспанов Бауыржан Айдарбекұлы Шиелі ауданында іссапарда болды.

Іссапар барысында Шиелі ауданы азаматтық қорғау гарнизоны қызметкерлері арасындағы тәртіп пен заңдылықты нығайту мақсатында жиналыс өткізіліп, жұмыс барысы мен қызметкерлердің дабыл чемодандарын тексерді. Оған қоса аудандағы өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдары талқыланып, тиісті тапсырмалар берілді.

Қызылорда облысы ТЖД