Қостанайдағы Тобыл өзеніне көшпелі брифинг

Қостанайдағы Тобыл өзеніне көшпелі брифинг

Қостанайлық құтқарушылар жазғы маусымда судағы төтенше оқиғалардың алдын алу жұмыстарын жалғастыруда. Қостанай қ. құтқару бөлімшесінің аумағында олар «Qоstanai» және «Алау» телеарналарының түсіру топтарының қатысуымен көшпелі брифинг ұйымдастырды.

Қостанай қ. ТЖ басқармасы АҚ тобының аға офицері майор Қ. Тәуекеловтың айтуынша, МПҚ, құқықтық тәртіп сақшыларымен, волонтерлермен және Ұлттық ұланның әскери қызметшілерімен бірлескен профилактикалық жұмыс барысында облыстың су айдындарында 884 рейд жүргізілді, 22 мыңнан астам адамға нұсқау берілді. Спирттік ішімдіктерді ішкені және тыйым салынған жерлерде шомылғаны үшін жалпы сомасы 212 мың теңгеден астам 39 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.  Атқарушы органдармен бірлесіп осы жылды және өткен жылдарды ескере отырып, су айдындарының қауіпті учаскелерінде 893 ескерту және тыйым салу белгілері орнатылды.

Қостанай қ. ЖҚЖ бөлімшесінің аға құтқарушысы В. Гороховский атап өткендей, 1 маусымнан бастап құтқарушылар күшейтілген қызмет түріне көшті. Күн сайын Қостанайда құтқарушылардың екі тобы таңертеңнен кешке дейін Гагарин бөгеті ауданындағы және «Махито» демалыс аймағының жанындағы жылжымалы бекеттерде жауынгерлік вахтаны атқарады. Бұдан басқа 4 адамнан тұратын ауысым Қостанай қ. бөлімшесінің құрамында кезекшілікті жүзеге асырады. Моторлы қайықтарда олар Тобыл өзенінің арнасын айналып өтіп, орталық жағажайды және жалпы Тобыл өзенінің су айдынын бақылайды. Сондай-ақ ол су айдындарындағы оқиғалардың негізгі себептерін атап өтті, суға батып бара жатқан адамды құтқарудың және зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетудің әртүрлі тәсілдері туралы айтып өтті.

Құтқарушылар журналистерге Қостанайдағы Тобыл өзені бойынша баспасөз турын өткізді.  Орталық қалалық жағажайда, содан кейін Гагарин бөгеті мен КЖБИ аймағында, Махито демалыс аймағының жанында стихиялық шомылу орындарында болды. Демалушыларға парақшалар таратылып, оларды судағы қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.

 Қостанай облысының ТЖД

Қоғаммен байланыс тобы