Әуе кемесінің болжамды апаты кезінде іс-қимылдарды пысықтау бойынша оқу-жаттығулар өткізілді

Әуе кемесінің болжамды апаты кезінде іс-қимылдарды пысықтау бойынша оқу-жаттығулар өткізілді

Шығыс Қазақстан облысында «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ және азаматтық қорғау органдары өкілдерінің әуе кемесінің болжамды апаты кезіндегі іс-қимылдарды пысықтау бойынша бірлескен оқу-жаттығулары өткізілді.

Кіріспеге сәйкес әуе кемесі ұшқаннан кейін қозғалтқыштар істен шығып, бортта 2 экипаж мүшесі және 3 медицина қызметкері болды. Аэродромнан тыс жерде апаттық қону туралы шешім қабылданды.

Апат сигналын алған кезде, ұшақты іздеу және зардап шеккендерге көмек көрсету үшін дабыл бойынша «Қазавиақұтқару» тікұшағы, ШҚО ТЖД құтқару және өрт сөндіру жасақтары, Апаттар медицинасы орталығы ШҚ филиалының қызметкерлері көтерілді.

Бірінші кезекте құтқарушылар координаттар бойынша әуе кемесінің авариялық қону орнын іздестіруді пысықтады. Ұшақтың болжамды апаттық қону орнына жер үсті іздестіру-құтқару командасы келді. Жағдайды бағалап, зардап шеккендерді тауып, оларға алғашқы көмек көрсетті. Оқу-жаттығу аңызы бойынша зардап шеккендердің бірі ауыр халде болған.  Апат орнына қосымша тікұшақпен апаттар медицинасы орталығы ШҚ филиалының құтқарушылары мен дәрігерлерінің командасы келді. Бұл ретте тікұшақ экипажы қонуға бет алудың оңтайлы курсын және жерге қону дәлдігін таңдауда өз дағдыларын жетілдірді. Ауыр  жағдайдағы науқасты  арнайы зембілдерге мұқият ауыстырып, тік ұшақпен қалаға жеткізді. Келген өрт сөндірудің есеп тобы  авариялық отырғызу орнында жанған шөптің жануын жойып, оттың таралуына жол бермеді.

         «Бүгін ұшақпен болған апат салдарынан күштер мен құралдардың іс-қимылдары пысықталды. Құтқару операциясының сәттілігі оған тартылған барлық басқару органдарының үйлесімді іс – қимылдарына байланысты, – деп атап өтті ШҚО ТЖД төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы Ринат Қондыбаев, - оқиға орнына жету қиын болуы мүмкін, сондықтан жоғары өтімділік техникасы мен тікұшақтар пайдаланылады».

         ШҚО ТЖД баспасөз қызметі