РЖҚЖ құтқарушылары жол апатынан зардап шеккендерді эвакуациялауға жәрдемдесті

РЖҚЖ құтқарушылары жол апатынан зардап  шеккендерді эвакуациялауға жәрдемдесті

Түнде көптеген жүргізушілер қырағылығын жоғалтады,  зейіні бөгде заттарға бөлініп немесе түннің басталуына байланысты  адамның ұйқысы келеді, сонымен қатар жолдың көрінуі  нашарлайды. Өкінішке орай, осы және басқа да факторларға байланысты жол-көлік оқиғалары орын алып жатады.

РЖҚЖ құтқарушылары кезекті  құтқару жұмыстарынан кері   қайтып келе жатқанда  жол бойында ірі жол-көлік оқиғасына тап болған: екі көлік бір-бірімен соқтығысып, үш адам жараланған, сонымен қатар көлікте үш бала болған. РЖҚЖ қызметкерлері зардап шеккендерді көліктерден  шығарып, оларды жедел жәрдем қызмекерлеріне тапсырды. Балаларды ауруханаға жатқызудан бас тартып, туыстары үйлеріне алып кетті.

РЖҚЖ құтқарушылары ескертеді: жолда  сақ болыңыздар! Бөгде заттарға, телефонға алаңдамаңыз, жол белгілерін мұқият қадағалаңыз! Жол ережесін сақтаңыз!

Құтқару телефондары:        

ҚР ТЖМ РЖҚЖ жедел кезекші бөлімінің телефоны 372-15-60 немесе 112.

"ҚР ТЖМ РЖҚЖ" ММ баспасөз қызметі