
Бүгін 15 сағат 00 минутта Ақтөбе қаласы, Елек өзені су акваториясында рейд кезінде Жедел құтқару жасағының құтқарушылары Харченко Рустам мен Тұрсынов Алдияр рұқсат етілмеген жерде 2006 жылғы жасөспірім қыз баланың батып бара жатқанын байқап қалып, жағадан 30 метр жерге дейін жүзіп барып, 3 м тереңдікте жасөспірімді судан құтқарды.
Жағаға шығарғаннан кейін зардап шегуші өзін жақсы сезініп, медициналық көмекті қажет етпеді.
Құтқарушылар зардап шегушімен профилақтикалық жұмыс жүргізді. Қазіргі таңда зардап шегушінің жағдайы тұрақты.
Судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында Ақтөбе облысы ТЖ департаменті су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері туралы ескертеді:
Суға шомылу кезінде:
- мас күйінде және есірткіге масайған күйде суға түсуге және шомылуға;
- қайықтардан, катерлерден, өткелдерден, сондай-ақ осы мақсатқа арналмаған құрылыстардан суға секіруге;
- тексерілмеген және жабдықталмаған жерлерде суға сүңгуге;
- жүзу шегін білдіретін қалтқы белгілерден асуға;
- жүзуге арналмаған заттармен жүзуге;
- су айдындарын ластауға және қоқсытуға;
- жағалауда және киім ауыстыратын орындарда демалушыларды жарақаттауы мүмкін қоқыстарды қалдыруға;
- жалған дабыл беріп айқайлауға;
- техникалық және алдын алу белгілерінің, қалтқы белгілерінің үстіне шығуға;
- балаларға ересектердің қарауынсыз суға түсуге рұқсат етілмейді.
Ақтөбе облысы ТЖД баспасөз қызметі