
Арқалық қаласы ТЖ бөлімінің қызметкерлері «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының қалалық филиалымен бірлесіп, ЖШС және шаруа қожалықтарының басшыларымен дөңгелек үстел өткізді. Кездесу ZOOM платформасында онлайн форматта өтті.
Арқалық қаласының Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау майоры А.Нұрғалиев отырысқа қатысушыларға кіріспе сөз сөйледі. Спикердің айтуынша, бұл іс-шара өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру тәртібін түсіндіруге, проблемалық мәселелерді талқылауға, сондай-ақ жем дайындау кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтауға бағытталған.
Дөңгелек үстел жұмысына 25 адам қатысты. Асылхан Нұрғалиев оларды бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша өрттерді шолумен және объектілердегі өрт қауіпсіздігі шараларымен таныстырды. Ауыл шаруашылығы өндірушілеріне өрт туындаған жағдайдағы іс-қимыл тәртібін еске салып, объектілердің бірінші басшыларының өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі жеке жауапкершілігіне назар аудара отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және жазғы маусымда өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау мәселелерін қарады.
Көрнекі үгіт ретінде барлық қатысушыларға тақырыптық жаднамалар жолданды.
Іс-шара белсенді диалог түрінде өтті. Қатысушыларды алғашқы өрт сөндіру құралдарының тиесілілік нормасына, терезелердегі металл торлар қондырғыларына, шатыр үй-жайларының ағаш конструкцияларын оттан қорғайтын өңдеуге, эвакуациялау жолдарын ұстауға, өртке қарсы сумен жабдықтау жүйелеріне қатысты мәселелер қызықтырды.
Бөлім бастығы қойылған сұрақтарға қолданыстағы нормативтік құжаттарды түсіндіре отырып, толық жауаптар берді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасатын болады.
Қостанай облысы ТЖД
Арқалық қаласының ТЖБ