
Орталық коммуникациялар қызметінде қиын метеожағдайларға байланысты еліміздегі жедел ахуал туралы брифинг өтті.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин қатысты.
Юрий Ильин атап өткендей, ауа райының қолайсыздығына байланысты (қар, боран, жолдың нашар көрінуі) ТЖ комитетінде және 6 өңірде жедел штабтар (Нұр-Сұлтан қ., Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Қостанай облыстарының ТЖД) құрылды, «қауырт желі» ашылды. Жедел штабтардың жұмысына ТЖК, ӘПК, ҰҰ, Автомобиль жолдары комитеті, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ қызметкерлері тартылды.
Дауылды алдын ала ескерту 13 рет жарияланды (Нұр-Сұлтан, Шымкент, Ақмола, Ақтөбе,Атырау, ШҚО, БҚО, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау, СҚО,Түркістан).
Автожолдардың 95 учаскесі жабық, оның ішінде республикалық маңызы бар – 61(Ақмола (оның ішінде Нұр-сұлтан Қ.) -16, Ақтөбе-11, ШҚО-1, БҚО-1, Қарағанды-10, Қызылорда-1, Қостанай-5, Павлодар-7, СҚО-9),облыстық–34 (Ақмола-1, Ақтөбе-4, ШҚО-5, Қостанай-22, Павлодар-1, СҚО-1).
Республикалық маңызы бар автожолдардың 3 учаскесінде (Ақтөбе-1, ШҚО-2) жүк және жолаушылар автокөліктері үшін шектеу енгізілді.
Сонымен қатар, 750 адам,оның ішінде 82 бала құтқарылды, 447 адам, оның ішінде 11 бала эвакуацияланды, 1 569 бірлік техника шығарылды.
Төтенше жағдайлар мен оқиғалар қаупі туралы халықты ескерту мақсатында азаматтардың ұялы телефондарына –224 СМС-хабарлама, «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы – 367 хабарлама, «қауырт желі» телефонына 155 қоңырау келіп түсті.
Авариялық-құтқару жұмыстарына барлығы 913 адам және 607 бірлік техника ТЖК (170 қызметкер және 55 бірлік техника), ҰҰ (13 әскери қызметкер және 4 бірлік),ПД (113 қызметкер және 49 бірлік техника), «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ (510 қызметкер және 442 бірлік техника), ЖАО (95 қызметкер және 51 бірлік техника) жұмылдырылды.
Ақмола облысы, соның ішінде Нұр-Сұлтан қ.
Қар құрсауында қалған автокөліктерде 394 адам (оның ішінде 12 бала) құтқарылды, 68 адам (оның ішінде 8 бала) қауіпсіз жерге эвакуацияланды, 795 автокөлік тазартылған автожолдар учаскелеріне шығарылды. Авариялық-құтқару жұмыстарына 301 адам, 166 бірлік техникасы ТЖК (73 қызметкер және 20 бірлік техника), ҰҰ (3 әскери қызметкер және 2 бірлік), ПД (35 қызметкер және 11 бірлік), «ҚазАвтоЖол « ҰК» АҚ (130 қызметкер және 99 бірлік техника), ЖАО (48 қызметкер және 28 бірлік техника) жұмылдырылды.
Ақмола облысында аса күрделі жағдай қалыптасты, онда республикалық маңызы бар «Нұр-Сұлтан – Щучинск» автожолында екі бағытта да көлік құралдарының көп санының жиналуына байланысты (жалпы 500-ден астам автокөлік), «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Ақмола облысы әкімдігімен бірлесіп 26 қаңтарда сағат 15.00-де жиналған автокөлік құралдарының колонналарын екі бағытта да арнайы техника мен патрульдік автомашинаның еріп жүруімен өткізу туралы шешім қабылданды.
Анықтамалық: «Нұр-Сұлтан-Щучинск» автожолы 2020 жылғы 25.01. сағат 22.00-де жабылды.
Ақтөбе облысы
Қар құрсауында қалған автокөліктерден 26 адам (оның ішінде 5 бала) құтқарылды, 318 адам қауіпсіз жерге эвакуацияланды, тазартылған автожолдар учаскелеріне 129 автокөлік шығарылды. Авариялық-құтқару жұмыстарына 199 адам, 116 бірлік техника ТЖК (31 қызметкер, 11 бірлік техника), ПД (67 қызметкер және 34 бірлік техника), «ҚазАвтоЖол»ҰК» АҚ (56 қызметкер және 51 бірлік техника), ЖАО (45 қызметкер және 20 бірлік техника) жұмылдырылды.
Қарағанды облысы
Қар құрсауында қалып қойған автокөліктерден 196 адам (оның ішінде 55 бала) құтқарылды, 586 автокөлік автожолдардың тазаланған учаскелеріне шығарылды. Авариялық-құтқару жұмыстарына 123 адам, 82 бірлік техника ТЖК (30 қызметкер,11 бірлік техника), ҰҰ (10 әскери қызметкер және 2 бірлік техника), "ҚазАвтоЖол "ҰК" АҚ (83 қызметкер және 69 бірлік техника) жұмылдырылды.
Қостанай облысы
Қар құрсауында қалып қойған автокөліктерден 89 адам құтқарылды (оның ішінде 5 бала), автожолдардың тазаланған учаскелеріне 9 автокөлік шығарылды. Авариялық-құтқару жұмыстарына ТЖК 69 адам, 46 бірлік техника (26 қызметкер және 10 бірлік техника), ПД (5 қызметкер және 2 бірлік), «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ (36 қызметкер және 33 бірлік техника), ЖАО (2 қызметкер және 1 бірлік) жұмылдырылды.
Павлодар облысы
Қар құрсауында қалып қойған автокөліктерден 6 адам (оның ішінде 1 бала) құтқарылды, 31 автокөлік автожолдардың тазаланған учаскелеріне шығарылды. Авариялық-құтқару жұмыстарына ТЖК 49 адам, 44 бірлік техника (2 қызметкер және 1 бірлік техника), "ҚазАвтоЖол "ҰК" АҚ (47 қызметкер және 43 бірлік техника) жұмылдырылды.
Солтүстік Қазақстан облысы
Қар құрсауында қалған автокөліктердегн 39 адам (оның ішінде 4 бала) құтқарылды, 61 адам (оның 3-уі балалар) қауіпсіз жерге эвакуацияланды, тазартылған автожолдар учаскелеріне 19 автокөлік шығарылды. Авариялық-құтқару жұмыстарына 63 адам, ТЖК 50 бірлік техникасы (8 қызметкер және 2 бірлік техника), ЖП (6 қызметкер және 2 бірлік техника), "ҚазАвтоЖол "ҰК" АҚ (47 қызметкер және 44 бірлік техника), ЖАО (2 қызметкер және 2 бірлік техника) жұмылдырылды.
2020 жылғы 27 қаңтарда сағат 09.00-дегі жағдай бойынша келіп түскен ақпаратқа сәйкес Ақмола облысының автожолдарында 10 учаскеде 601 бірлік техника, Қарағанды облысында 53 бірлік техника қалып отыр. Авариялық-құтқару жұмыстарын және жол учаскелерін тазалау жұмыстарын жүргізу қолайсыз метеорологиялық жағдайлармен күрделене түседі (боран, көрінудің шектеулі болуы).
ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі