«МАЭК – Қазатомөнеркәсіп» ЖШС тексеру нәтижелері

«МАЭК – Қазатомөнеркәсіп» ЖШС тексеру нәтижелері

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Департаментінің мемлекеттік инспекторлары, 2022 жылдың бірінші жартыжылдығына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізу кестесіне сәйкес «МАЭК – Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-нің қауіпті өндірістік объектілері мен қауіпті техникалық құрылғыларына тексеру жүргізді.

Кәсіпорынның негізгі қызметі жылу электр станцияларында электр энергиясын өндіру, жылу энергиясы, суды жинау, өңдеу және тұтынушыларға тарату, электр энергиясын беру, тарату, тұтынушыларға сату болып табылады.

Тексеру барысында: ғимараттар мен құрылыстар, жабдықтар, жүк көтергіш механизмдер, қазандық шаруашылығы, турбиналық станция, ауа жинағыштар, оттегін толтыру пункті, компрессорлық станция, баллондарды сақтау қоймалары және басқалары тексерілді. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарының 7 бұзушылығы анықталды. Мемлекеттік инспекторлар анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берді және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 298-бабы 1-бөлігі бойынша айыппұл түрінде әкімшілік жаза салды.

Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорын өкілдерімен кеңес өткізілді, онда тексеру барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының талаптары түсіндірілді.

ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті