Өңірде 2023 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық жүргізілуде

Өңірде 2023 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық жүргізілуде

2023 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық шеңберінде Қарағанды облысының аумағында алдын алу іс-шаралары белсенді жүргізілуде. Оның ішінде Нұра, Солонка және Ақбастау өзендерінің жекелеген учаскелерінде жағалауды нығайту және түбін тереңдету бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Қазіргі уақытта Нұра және Ақбастау өзендерінің жоспарланған учаскелерінде техниканы жұмылдыру аяқталды, жер қазу жұмыстары жүргізілуде: ағаштарды тамырымен жұлу, өсімдіктерді кесу,  түбін тереңдету және жағалауды нығайту жұмыстары басталды.

Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті мен Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Бұқар Жырау ауданы Мұстафин кенті аумағындағы Нұра өзенінің учаскесін тексерді. Жұмыстар 12 адам және 9 бірлік арнайы инженерлік техника көлемінде "Толағай-2050" ЖШС мердігерлік ұйымының күшімен жүргізілуде.

Бұл жұмыс су тасқыны кезінде судың апатсыз өтуін қамтамасыз етеді және елді мекенді су басу қаупін жоюға мүмкіндік береді.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі