Алматы қ. ТЖ департаменті оқыту тренингін өткізді

Алматы қ. ТЖ департаменті оқыту тренингін өткізді

2022 жылғы 12 шілдеде Алматы қаласы Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының базасында ТЖ департаменті РЖҚЖ және АМО бірлесіп Алматы қаласы МКҚБ қызметкерлерімен су айдындарында қауіпсіздік шаралары мен жүріс-тұрыс ережелерін сақтау, алғашқы медициналық көмек көрсету және суға батқандарды құтқару әдістері бойынша тренинг өткізді.

Тренинг барысында Департамент, РЖҚЖ және АМО қызметкерлері Алматы қ. МКҚБ қызметкерлеріне жаппай демалу орындарындағы жүріс-тұрыстың негізгі ережелерін айтты, зардап шегушіні тасымалдау, сондай-ақ манекенді пайдалана отырып, зардап шегушіге суда алғашқы көмек көрсету әдістерін көрсетті.

Барлығы МКҚБ -ның 70 қызметкері қатысты.

Алматы қ. ТДЖ баспасөз қызметі