
Табиғат аясына демалысқа шыққан адамдар әрқашан өздерінің күштері мен мүмкіндіктерін есептей бермейді. Үш адамнан тұратын отбасы: 1969 жылы туылған ер адам, 1969 жылы туылған әйел және 13 жастағы бала осындай жағдайға тап болды. 9 шілдеде олар ескі Жапон жолымен Алмарасан шатқалына серуендеуге шығып, бірақ бағдарын жоғалтып алып, кешке дейін адасып журдi. Кешкі сағат 7 шамасында ҚР «ТЖМ РЖҚЖ» құрамында 6 адам 1 бірлік автотехникадан тұратын жедел тобы адасқандарды іздеуге шықты. Кешкі сағат 9 шамасында жедел топтың басшысына геолокациясы жіберілді. Бір сағат ішінде құтқарушылар таудан адасқандарды тауып, оларға көмектесті. Адасқан отбасына медициналық көмек қажет болмаған.
РЖҚТ қызметкерлері таудағы қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері туралы отбасымен түсіндіру әңгіме өткізді. Құтқарушылар табиғатқа шықпас бұрын ауа-райы жағдайымен танысу, көтерілу және түсу кезінде асықпау және төтенше жағдай кезінде өзін қажетті заттармен қамтамасыз ету қажеттілігі туралы ескертеді. Өзіңізбен бірге пауэрбанк, су өткізбейтін пакеттегі сіріңкелер болуы міндетті. Сонымен қатар, міндетті түрде туысқандарыңызға баратын орныңыз туралы айтып кетіңіз.
Тауға барар алдында құтқару телефондарын жазып алыңыз:
372-15-60-ҚР ТЖМ РЖҚЖ жедел кезекші бөлімінің телефоны немесе 112.
«ҚР ТЖМ РЖҚЖ» ММ баспасөз қызметі