«AGRO-FOOD» ЖШС жоспардан тыс тексерудің нәтижелері

«AGRO-FOOD» ЖШС жоспардан тыс тексерудің нәтижелері

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторлары өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізу нәтижелері бойынша 2021 жылғы 06 желтоқсанда берілген № 198 анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың орындалуын бақылау мақсатында «AGRO-FOOD» ЖШС жоспардан тыс тексеру жүргізді.

Кәсіпорынның негізгі қызмет түрі астықты қоймаға қою және сақтау болып табылады.

Тексеру барысында құрама жем зауыты және қысыммен жұмыс істейтін жабдықтар тексерілді. Тексеру нәтижелері бойынша бұрын анықталған бұзушылықтар толық көлемде жойылғаны анықталды.

Тексеру нәтижелері бойынша кәсіпорын өкілдерімен кеңес өткізілді, онда өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы талаптардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасы, оның ішінде «Өсімдік шикізатын сақтау және қайта өндеу бойынша қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» және «Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» талаптарының сақталуына қатысты мәселелер қаралды және түсіндірілді.

ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті