
Бүгін 7 шілдеде Төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенант Юрий Ильин жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына келді.
Сапар барысында Юрий Викторович №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде болды.
Ақтөбе облысының ТЖ департаменті ғимаратының жөндеу жұмыстарымен танысып, «Құтқарушылар» ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
Іс-сапар аясында облыс әкімі Оңдасын Оразалинмен кездесіп, өңір аумағында халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өрт сөндіру деполарын салу сұрақтарын талқылады.
Сонымен қатар Ақтөбе облысы әкімдігінің Ахуалдық орталығының жұмысымен танысты. Онда ТЖ департаментінің, Полиция департаментінің және 80-нен астам мемлекеттік мекемелердің, ұйымдар мен коммуналдық қызметтердің жұмыстары біріктірілген. Бұл платформа 24/7 режимінде «109» қысқа нөмірімен жұмыс істейтін «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде құрылған.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі