
2022 жылғы 5 шілдеде Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы полковник Е.Ж. Момбаев пен М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің ректоры Т.И. Ешенқұлов мекемелер арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Меморандумның мақсаты жоғары білікті кадрлардың біліктілігін арттыруға және даярлауға, теориялық және тәжірибелік білім алмасуға, ғылыми-зерттеу жұмыстарға көмек көрсетуге бағытталған ұзақ мерзімді, тиімді ынтымақтастықты дамыту және өзара келісім негізіндегі бірлескен қызметі болып табылады.
Меморандум шеңберінде келесі іс-шаралар жоспарлануда:
Университетпен бірлесіп азаматтық корғау саласында теориялық және тәжірибелік көмек көрсету; департамент базасында студенттердің, магистранттардың және докторанттардың оқу-өндірістік, зерттеу тәжірибесінен өтуін ұйымдастыруға және өту кезіндегі кажетті жағдайларды қамтамасыз ету, жетекшілік жасау; біліктілікті арттыру, тағылымдамадан өтуге өзара көмек көрсету; мұражай, гарнизонның өрт сөндіру бөлімдеріне, жедел-құтқару жасағы базаларына экскурсиялар өткізу. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде халықтың іс-қимылы бойынша сабақтар өткізу; азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлардың алдын алу саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу; білім беру бағдарламаларын дайындауда бірлесіп жұмыс жасау; ынтымақтастық жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобын құру; тараптардың уәкілетті өкілдерін тарта отырып, бірлескен іс-шаралар өткізу.
Сондай-ақ Департамент бастығы көрнекті ғалым, XVI ғасырдың бірқатар тарихи еңбектерінің авторы, мемлекет қайраткері және әскери жетекші Мұхамед Хайдар Дулатидың тарихы бай М.Х. Дулати атындағы Тараз аймақтық университетінің мұражайын тамашалады.
Жамбыл облысы ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасы