Азаматтық қорғау академиясы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Азаматтық  қорғау академиясы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

2022 жылғы  5 шілдеде Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының бастығы полковник Сырым Шәріпханов пен «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» - «Көкшетау әуежайы» акционерлік қоғамы филиалының директоры Айбек Кетебаев ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Меморандум шеңберіндегі әріптестік оқу-әдістемелік қызметті жетілдіруге жәрдемдесуге, сондай-ақ курсанттар мен профессорлық-оқытушылық құрамды авиакөліктегі төтенше жағдайларды жою дағдыларына оқыту жоспарында тәжірибе алмасуды ұйымдастыруға бағытталған.

Академия бастығы Сырым Дүйсенғазыұлы әріптестіктің маңыздылығын атап өтіп, бұл құжат Академия курсанттарын авиакөлікпен байланысты түрлі төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдардың ережелері мен тәртіптерімен таныстыру, тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар, сабақтар шеңберінде бөлімшелердің күштері мен құралдарының жедел-тактикалық іс-қимылдарын бірлесіп пысықтауды жүргізу үшін негіз болатынын атап өтті.

ҚР ТЖМ Мәлік Ғабдуллин атындағы

Азаматтық қорғау академиясының баспасөз қызметі