Күн сайын адамдар әртүрлі жағдайларға және әрдайым өздері шеше бермейтін жағдайларға тап болуы мүмкін. Айтарлықтай зиян келтіретін тұрмыстық сипаттағы жағдайлар болып тұрады. Сол сияқты бір жағдай 1983 жылы туған Қалқаман тұрғынының асынан өтті, ол саусағына сақина киіп, оны өздігінен шеше алмаған. Дереу көмекке шыққаннан кейін РЖҚЖ қызметкерлері арнайы құралдың көмегімен әйелдің саусағынан сақинаны шешіп алды.
Құтқарушылар өзіңіз шеше алмайтын аксессуарларды киюге кеңес бермейді және оларды өз тарапыңыздан кесуге тырыспауыңызды сұрайды, сондай-ақ өткір заттармен абай болыңыз!
Мына құтқару телефондарын жазып алыңыз: 372-15-60 - ҚР ТЖМ РЖҚЖ жедел кезекші бөлімінің телефоны немесе 112.
«ҚР ТЖМ РЖҚЖ» ММ баспасөз қызметі