Кандитаттарға сәтттілік...

Кандитаттарға сәтттілік...

Қазақстан Республикасы ТЖМ М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына оқуға 2022-2023 оқу жылында түсуге Павлодар облысынан тоғыз кандидат кезең – кезеңмен іріктеуден өтті.

Ағымдағы жылдың 4 - маусымында Департаменттің акт залында департамент басшылығы кандидаттар және олардың ата-аналарына жиналыс откізді. Оқуға түсушілер мен ата-аналарға оқуға түсудің барлық кезеңдері, оның ішінде медициналық комиссиядан өту және академияда тұру кезінде қажетті қаржылық шығындар түсіндірілді.

2022 жылдың 5 шілдесінде сағат 09.00-де Департамент бастығының міндетін атқарушы азаматтық қорғау полковнигі Қ.З. Шаймарденов, кадр бөлімінің қызметкерлері, ата-аналар абитуриенттерді жолға шығарып салды. Қазақстан Республикасы ТЖМ Азаматтық қорғау академиясына балаларды жеткізу Департаменттің ыңғайлы көлігімен жүзеге асырылады. «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ кадр саясаты бөлімінің бастығы азаматтық қорғау аға лейтенанты Д.Б. Нұралин балаларды ертіп апарды. Түсушілердің қауіпсіз жүріп-тұруы мақсатында Павлодар және Ақмола облысы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі өкілдерінің оларды қарап жүруі ұйымдастырылды.

Барлық балалардың көңіл-күйі көтеріңкі. Оларға сәттілік тілейміз.

Павлодар облысы ТЖ департамантінің кадр саясаты басқармасы