Орман алқабындағы өрт ауыздықталды

Орман алқабындағы өрт ауыздықталды

4 шілде күні сағат 12:02-де Қарағанды қаласында орман алқабының өртенгені туралы хабарлама келіп түсті. «Қарағанды орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі шаруашылық» КММ аумағында ағаштар, шөптер, сондай-ақ 6 саяжай (1 жұмыс істемейтін) үйлерінің ағаш конструкциялары,  7 саяжай учаскелері аумағында 15 шаруашылық құрылыстары зардап шекті. Жалпы өрттің аумағы 70 га, оның ішінде 40 га орман. ТЖД күшімен саяжай учаскелерінен 5 адам құтқарылып, 25 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Өрт сағат 17:45-те ауыздықталды. Қабылданған шаралардың көмегімен өрт ауыздықталды, ормандар мен бұталар жанып жатқан белсенді аумақтар жоқ.

Жоюға ТЖД, 52859 әскери бөлімі, жергілікті полиция қызметі, орман шаруашылығы, жергілікті атқарушы органдардың күштері жұмылдырылды. Қазавиақұтқару тікұшағымен 16 су ағызу жүзеге асырылды. Барлығы 230 адам мен 54 техника жұмылдырылды. Өрттің шығу себебі анықталуда.

 Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі