Алакөлдегі өрт сөндірілді

Алакөлдегі өрт сөндірілді

4 шілде күні сағат 23.08-де кезекші пультіне Алакөл көлінде «Керуен» демалыс үйі жанып жатқаны туралы ақпарат түсті.
Шақырту орнына дереу Шығыс Қазақстан облысы ТЖД күштері мен құралдары жіберілді.
Сағат 23:10-да жеткен өрт сөндірушілер «Керуен» демалыс базасы аумағында үйлердің ашық жалынмен жанып жатқанын, 10 құрылыс жанып кеткенін анықтады.


Қатты жел салдарынан өрт «Айгерім», «Әлихан», «Жібек Жолы» демалыс базаларының аумағына тарады. Өрттің алдын ала аумағы 3000 шаршы метрді құрайды.


Өртті сөндіру барысында 7 адам түрлі жарақат алды, алғашқы медициналық көмек көрсетілді, ауруханаға барудан бас тартқан.
Оқиға орнында жедел штаб жұмыс істейді.


Өрт 2 сағат 48 минутта ауыздықталып, 5 сағат 40 минутта сөндірілді.
Өртті сөндіруге 29 техника, 186 адам жұмылдырылды.


Алакөл көлінде орнатылған мотопомпалардан, сондай-ақ 4 су тасығыштан үздіксіз су беру ұйымдастырылды.
Өрттің шығу себебі анықталуда.

 

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі