ІІМ-де еліміздің автожолдарындағы ахуал туралы брифинг өтті

ІІМ-де еліміздің автожолдарындағы ахуал туралы брифинг өтті

2020 жылғы 23 қаңтарда Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінде ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің автожолдарындағы ахуал туралы брифинг өтті.

Спикер болып Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Жәнібек Тұрлыбекұлы Кәрімбаев сөз сөйледі.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты (қар, боран, жолдың нашар көрінуі) еліміздің сегіз аймағында автокөліктің барлық түрлері үшін жол жабық немесе жол қозғалысына шектеу қойылды.

Мәселен, Нұр-Сұлтанда, Қарағанды облысында автокөліктің барлық түрлері үшін барлық бағыттар бойынша жол қозғалысы жабылды.

Ақмола облысында «Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті» (16-205  шақырымы, Нұр-Сұлтан қ.-Павлодар облысының шекарасы), «Екатеринбург-Алматы» (856-917 шақырымы, Жақсы а.-СҚО шекарасы), «Жезқазған-Петропавл» (377-595 шақырымы, Қостанай облысының шекарасы - СҚО шекарасы), «Екатеринбург-Алматы» (1291-1426 шақырымы, Нұр-Сұлтан қ.-Қарағанды облысының шекарасы), «Екатеринбург-Алматы» (1007-1247 шақырымы, Атбасар қ.-Нұр-Петропавл қ.-Қарағанды облысының шекарасы), «Екатеринбург-Алматы» (1007-1247 шақырымы, Атбасар қ.-Нұр-Сұлтан қ.), «Нұр-Сұлтан-Петропавл» (18-231 шақырымы, Нұр-Сұлтан-Щучинск қ.), «Нұр-Сұлтан-Қорғалжын» (38-180 шақырымы, Ақмол а. - Қорғалжын қорығы).

Шығыс Қазақстан облысында «Өскемен-Риддер-РФ шекарасы» (15-105 шақырымы, Белоусовка кенті-Секисовка ауылы) автожолында тіркемесі және жартылай тіркемесі бар жүк автокөлігі үшін жол қозғалысына шектеу қойылды. Автожолдарының 4 учаскесінде автокөліктің барлық түрлері үшін жол  қозғалысы жабылды: «Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы» (36-123 шақырымы Предгорное а.-РФ шекарасы), «Қарағанды-Аягөз-Богаз» (707-941 шақырымы, Аягөз қ.-Богаз а.), «Семей-Қайнар» (8-266 шақырымы, Семей-Қайнар), «Алматы-Өскемен» (971-1068 шақырымы, Қалбатау а.-Қасым Қайсенов а. бұрылыс).

Қостанай облысында автожолдарының 3 учаскесінде автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысы жабылды: «Екатеринбург-Алматы» (686-729 шақырымы, Сарыкөл ауылы-СҚО шекарасы), «Денисовка-Мықтыкөл-РФ шекарасы» (0-174 шақырымы, Денисовка ауылы-РФ шекарасы), «Жезқазған-Петропавл» (252-377 шақырымы, Қарағанды облысының шекарасы-Ақмола облысының шекарасы).

Қызылорда облысында «Қызылорда-Павлодар» автожолының (12-216 шақырымы, Қарағанды облысының шекарасы-Қызылорда қаласы) учаскесінде автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысы жабылды.

Павлодар облысында автожолдарының 3 учаскесінде автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысы жабылды: «Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті» (200-240 шақырымы, Шідерті к.-Ақмола облысының шекарасы), «Қызылорда-Павлодар» (1206-1135 шақырымы, Бозшакөл к.-Қарағанды облысының шекарасы), «Ленин-Ертіс-Русская Поляна» (0-263 шақырымы, Ленин к.-РФ шекарасы)

Солтүстік Қазақстан облысында автожолдарының барлық түрлері үшін жол қозғалысы жабылды: «Екатеринбург-Алматы» (835-856 шақырымы, Чистополье С.-Ақмола облысының шекарасы), «Тимирязев-Сарыкөл» (0-31 шақырымы, Тимирязев а.-Қостанай облысының шекарасы), «Екатеринбург-Алматы» (835-729 шақырымы, Чистополье а.-Қостанай облысының шекарасы), «Көкшетау-Рузаевка» (102-196 шақырымы, Саумалкөл а.-Рузаевка с.), «Жезқазған-Петропавл» (595-701 шақырымы, Тимирязев а.-Қостанай облысының шекарасы). Жезқазған-Петропавл» (701-883 шақырым, Новоишимское ауылы-Явленка ауылы).

ҚР ІІМ күштері мен құралдары азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оларға қажетті жедел көмек көрсету үшін күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылды.

Қазіргі уақытта автожолдардағы жағдай өте қолайсыз екенін ескертеміз және азаматтардан жолға шығудан бас тартуын сұраймыз.

Сонымен қатар, ауа райының нашарлауына байланысты 1 қарашадан бастап бүгінгі күнге дейін ел бойынша: 476 рет дауылды алдын ала ескерту жарияланды; республикалық және облыстық маңызы бар автожолдар учаскелері 360 рет жабылды; жүк және жолаушылар автокөліктері үшін жол қозғалысына 77 рет шектеу қойылды.

Бұл ретте 1200- ге жуық адам құтқарылды, оның ішінде 90-ы бала, 1000 – ға жуық адам эвакуацияланды, оның ішінде 54-і бала, 27 жылыту пункті жұмылдырылды, 600-ге жуық техника шығарылды.

Төтенше жағдайлар мен оқиғалар қаупі туралы халықты ескерту мақсатында азаматтардың ұялы телефондарына – 846 хабарлама жіберілді. «Дармен» мобильді қосымшасы арқылы-1376 хабарлама таратылды.

Сонымен қатар, өткен тәулікте 22 қаңтарда күндіз және 23 қаңтарда түнде  республиканың автожолдарында 278 адам құтқарылды, оның 31-і бала. Автожолдардың тазаланған учаскелеріне 63 бірлік техника шығарылды.

Авариялық-құтқару жұмыстарына ТЖД, жергілікті атқарушы органдардың, жергілікті полиция қызметінің, жол қызметтерінің күштері мен құралдары жұмылдырылды.

Мәселен, Ақмола облысында Щучинск қаласынан бір шақырым қашықтықта «Нұр-сұлтан-Петропавл» республикалық маңызы бар автожолының 233 шақырымында техникалық ақау салдарынан «РФ Сургут-Тәжікстан Республикасы» бағыты бойынша келе жатқан Setra маркалы жолаушылар автобусы жолда тоқтап қалды. Салонда 29 адам, оның ішінде 1 бала бар. Барлық жолаушылар Тәжікстан азаматтары. ТЖД құтқару бөлімшелері жолаушыларды Щучинск қаласының жылыту пункттеріне эвакуациялады.

Сондай-ақ «Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті» (16-205 шақырымы, Нұр-Сұлтан-Павлодар облысының шекарасы) республикалық маңызы бар автожолының 171-172 шақырымындағы учаскесінде (Нұр-Сұлтан қ.бағытында) жүк автомобилінің қар құрсауында қалуы салдарынан 65 автокөлік (40 жүк және 25 жеңіл) жиналып қалды. Сағат 23:00-де ТЖД күштері жүк автокөлігін қар құрсауынан шығарды, «Казақавтожол» ЖШС жолды тазалау жұмыстары жүргізді.

66 автомашинадан тұратын колоннаны Нұр-Сұлтан қаласындағы полиция алып жүрді.

Ақтөбе облысында сағат 19:15-те «Ақтөбе-Атырау-Астрахань» (46-330 шақырымы, Алға қаласы-Атырау облысының шекарасы) республикалық маңызы бар автожолының 125-135 шақырымындағы учаскесінде автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысы жабылды. 23 қаңтарда сағат 05-00-дегі  жағдай бойынша ТЖД (10 қызметкер және 3 бірлік техника), «Казақавтожол» ЖШС (2 қызметкер және 1 бірлік техника), «Uniserv» ЖШС (5 қызметкер және 2 бірлік техника) күштері жолды тазалау, автожолдың тазартылған  учаскесіне 54 автомашинаны қар құрсауынан сүйреп шығару (17 жүк және 37 жеңіл көлік) жұмыстарын жүргізді. Бұл ретте, 165 адам құтқарылды, олардың ішінде 28 бала. Колонна Қандыағаш қаласына жол қозғалысын жалғастырды.

Қарағанды облысында сағат 19:00-ден 22:00-ге дейін автожолдарда ТЖД күштері қар құрсауында тұрып қалған автокөліктерден 42 адам құтқарылды (оның ішінде 2 бала), автожолдардың тазартылған учаскелеріне 2 жеңіл автокөлік шығарылды.

23 қаңтарда сағат 04.00-де Павлодар облысында республикалық тас жолда Шідерті ауылынан 20 шақырым жерде Екібастұз қаласына бағыт алып бара жатқан жедел жәрдем көлігі қар құрсауында қалып қойғандығы туралы хабарлама келіп түсті, жедел-жәрде машинасында жүкті әйел бар болатын.

Хабарлама алғаннан кейін оқиға орнына жедел түрде ТЖД құтқару бөлімшелері «Трэкол» жол талғамайтын көлік құралымен жіберілді. Сонымен қатар, кеншілер қаласынан құтқарушылармен қаланың 15 шақырымында қар құрсауында қалған екінші жедел жәрдем көлігі шықты. Құтқарушылар медициналық қызметкерлерді (2 адам) алып, әйел адам босанғанға дейін жетіп, қатып қалған автокөліктен екі адамды (жұбайымен бірге босанатын әйелді) қар құрсауынан алып шықты. 06.36-да Екібастұз қаласынан 15 шақырым жерде күтіп отырған емдеу мекемесіне тасымалдау үшін жедел жәрдем көлігіне жеткізілді. Құтқарушылардың жедел іс-әрекетінің арқасында әйел адам ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер құтқарушылардың көрсеткен көмегі үшін алғыстарын білдірді.

 

ҚР ІІМ ТЖ комитетінің баспасөз қызметі