Новоишимское ауылындағы «Астық қоймалары» ЖШС «Хлебная база №2» өкілдігін жоспардан тыс тексеру нәтижелері

Новоишимское ауылындағы «Астық қоймалары» ЖШС «Хлебная база №2» өкілдігін жоспардан тыс тексеру нәтижелері

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторлары өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша берілген 2022 жылғы 22 сәуірдегі 23/22 анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың орындалуын бақылау мақсатында Солтүстік Қазақстан облысы Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның Новоишмиское ауылындағы «Астық қоймалары» ЖШС «Хлебная база №2» өкілдігіне жоспардан тыс тексеру жүргізді.

Кәсіпорын қызметінің негізгі түрі өсімдік шикізатын (элеватор) сақтау және қайта өңдеу болып табылады.

Тексеру барысында қабылдау-тазалау (кептіру-тазалау) мұнарасы, элеватор, мұнай өнімдерін сақтауға арналған қоймалар (резервуарлар) тексерілді. Тексеру нәтижелері бойынша бұрын анықталған бұзушылықтар толық көлемде жойылғандығы анықталды.

Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорын өкілдерімен кеңес өткізілді, онда өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы талаптардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының, оның ішінде «Өсімдік шикізатын сақтау және қайта өңдеу бойынша қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» талаптарын қарастырып, түсініктемелер берілді.

ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті