Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары тағайындалды

Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары тағайындалды

Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Дағдарыс орталығында өткен аппараттық кеңес барысында Департаменттің бастығы полковник Қайрақбаев Руслан Сламбекұлы ұжымға Департамент бастығының орынбасары подполковник Әбдіқадыров Бекболат Қайырбекұлын таныстырды.

Бекболат Қайырбекұлы 1975 жылы 4 мамырда Қызылорда облысы, Қызылорда қаласында дүниеге келген. 1993-1997 жылдары РФ ҚК стратегиялық мақсаттағы зымыран әскерінде қызмет етті. Ал, 1998 жылдан бері азаматтық қорғау органдарында, атап айтқанда - Төтенше жағдайлар министрлігінің Ішкі бақылау және аудит департаментінде, ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің Азаматтық қорғаныс басқармасында, Ақмола және Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменттерінде абыроймен қалтқысыз қызмет еткен.

Қызылорда облысының ТЖД