«СНН» Фирмасы ЖШС тексеру нәтижелері

«СНН» Фирмасы ЖШС тексеру нәтижелері

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторлары 2022 жылдың бірінші жартыжылдығына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізу кестесіне сәйкес «СНН» Фирмасы ЖШС қауіпті өндірістік объектілері мен қауіпті техникалық құрылғыларына тексеру жүргізді.

Кәсіпорын түрлі маркалы болат пен шойын құймаларын шығарады.

Тексеру барысында құю цехы, желдеткіш қондырғы, стационарлық компрессорлық бөлме, көтергіш механизмдер тексерілді. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарының 4 бұзушылығы анықталды. Мемлекеттік инспекторлар анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берді және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 298-бабы 1-бөлігі бойынша айыппұл түрінде әкімшілік жаза салды.

Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорын өкілдерімен кеңес өткізілді, онда тексеру барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының, оның ішінде «Қара, түсті, бағалы металдардың балқымаларын және осы металдардың негізінде алынатын қорытпаларды өндіру бойынша қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» талаптары түсіндірілді.

ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті