
Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі семинар-кеңеске қатысты, онда астаналық мәслихатының депутаты, «Астана-Адалдық алаңы» жобасының жетекшісі Бақдәулет Жанділдаев және «Әдептілік жолы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Нұр-Сұлтан қаласындағы филиалының басшысы Дархан Құлжамбеков спикер ретінде сөз сөйледі.
Осындай семинарларды өткізудің мақсаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында ағарту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты және қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті нығайту болып табылады.
Бақдәулет Жанділдаев тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты азайту «Астана-Адалдық алаңы» жобасының негізгі мақсаты болып табылатынын атап өтті. Сондай-ақ, осы мақсатқа жетуге бағытталған кейбір міндеттер туралы егжей-тегжейлі айтып берді:
- қала тұрғындары үшін қолайлы жағдайлар жасау (фронт офистер, iQala, iKomek және басқалар);
- ашықтықты қамтамасыз ету (әлеуметтік жобаларды іске асыруға бөлінген қаражатты онлайн қарауға мүмкіндік беретін ашық бюджеттің интерактивті картасы);
- қоғамдық бақылауды күшейту (жобаларды іске асыру мониторингін жүзеге асыру мүмкіндігі);
- қоғамда сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті енгізу.
Дархан Құлжамбеков «Әділ жолы» РҚБ қызметі туралы айтып, адам құқығын бірінші орынға қоятынын атап өтті.
Сонымен қатар, азаматтардың «LAWCENTER» қосымшасы арқылы кәсіби заң кеңесшілерінен тегін құқықтық ақпарат алу мүмкіндігі бар екенін хабарлады.
Спикерлер бүгінгі күні қоғамның ең өзекті және ауруы болып табылатын тұрмыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте бірлескен жұмысқа шақырды.
ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті