«Кузнецкий» Разрез» ЖШС тексеру нәтижелері

«Кузнецкий» Разрез» ЖШС тексеру нәтижелері

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті Қарағанды облысты бойынша Департаментінің мемлекеттік инспекторларымен, 2022 жылдың бірінші жартыжылдығына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізу кестесіне сәйкес, «Кузнецкий» Разрез» ЖШС-ның қауіпті өндірістік объектілері мен қауіпті техникалық құрылғыларына тексеру жүргізілді.

Кәсіпорын қызметінің негізгі түрі ашық тәсілмен көмір өндіру болып табылады.

Тексеру барысында 15 объекті (экскаваторлар, автомобиль жолдары, тау жыныстарының үйінділері және басқалар) тексерілді. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарының 19 бұзушылықтары анықталды. Мемлекеттік инспекторлармен анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берілді және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 298-бабы 1-бөлігі бойынша айыппұл түрінде әкімшілік жаза салынды.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының негізгі бұзушылықтары:

- жұмыс алаңының сақтандырғыш қоршау білігі жобалық биіктікке сәйкес келмейді, кей жерлерде жоқ;

- автомобиль жолдары қозғалыс жол белгілерімен жабдықталмаған;

- Ашық тау-кен жұмыстары объектілерінің жұмыс орындарын жарықтандыру нормаларына сәйкес жарықтандыруды қамтамасыз ететін тау жыныс үйіндісінің, ішкі үйіндінің түсіру алаңының электр жарығымен жабдықталмаған және басқалары болып табылады.

Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорын өкілдерімен кеңес өткізілді, онда тексеру барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының, оның ішінде «Тау-кен және геологиялық барлау жұмыстарын жүргізетін қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» талаптары түсіндірілді.

 

ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті