Ақтөбе облысы ТЖД журналисттер арасында сайыс өткізді

Ақтөбе облысы ТЖД журналисттер арасында сайыс өткізді

28-маусым БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында Ақтөбе облысы ТЖ департаменті журналисттер арасында өрт сөндіру-құтқару тактикалары бойынша сайыс өткізді.

Сайысқа жалпы 3 команда қатысып, шыдамдылық пен спорттық дайындықтарын шыңдап, өздерін өрт сөндіруші және құтқарушы ретінде бақтарын сынады. Сайыс өрт сөндірушінің киімін кию, өрт сөндіру түтін камерасы және квест кезеңдерінен тұрды. Сайыс басталар алдында қатысушылар толық нұсқаулықтан өтіп, өрт сөндіруші мен құтқарушы мамандығының қиындығы мен қауіптілігін сезінді.

Іс-шара аясында ТЖ департаментінің бастығы полковник Марғұлан Топашұлы Аманбаев БАҚ өкілдерін алда келе жатқан кәсіби мерекелерімен құттықтап, ТЖ Министрі генерал-лейтенант Юрий Викторович Ильиннің Алғыс хатымен Ахаш Жаңалық Шортайұлы, Алишбаева Альмира Кенесовна және Токарь Татяна Валерьевнаны марапаттады.

Сондай-ақ ТЖД бастығының Алғыс хатымен Төтенше жағдайлар саласының мерейін үстем етіп, азаматтық қорғау органдарына деген халықтың сенімін нығайтуда өз үлестерін қосқаны үшін Ардақ Саппарқызы, Анастасия Дмитриевна және Дмитрий Николаевич марапатталды.

Сайыс қорытындысы бойынша жүйрік озып шыққан жеңімпаз командалар марапатталып, сыйлықтар табыс етілді.

 

Ақтөбе облысы ТЖД

Қоғаммен байланыс тобы