Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Ақтаев Жасұлан Ақтайұлы «24 kz», «Atameken business» республикалық телеарналарын, облыстық «Atyrau TV», «Caspian News», «Caspian Life» ақпараттық агенттігін, «Атырау» газеті, «Прикаспийская коммуна» газеті, «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» бір топ баспасөз өкілдерін кәсіби мерекемен құттықтап қайтты.
Облыс тұрғындарына қауіпсіздіктің ережелерін жеткізуге бірге ат салысып жүрген облыстық «Atyrau TV», «Caspian News» теле арналарының ұжымына және «Caspian Life» ақпараттық агенттігінің тілшісі Р. Қойлыбаевқа Департамент бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Ж. Ақтаев ҚР Төтенше жағдайлар министрі Ю. Ильиннің алғыс хатын табыстады.
Шара соңында өрт сөндірушілердің, құтқарушылардың ерліктерін, қызметін көрсете білген журналистерге Атырау облысы ТЖД бастығы полковник Битаев Сәбит Кенжеханұлының атынан алғыс хат табыс етті.
Атырау облысы ТЖД
Қоғаммен байланыс тобы