Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнін мерекелеуге орай Алматы қаласы ТЖ департаментінің ұйымдастыруымен № 10 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде «Өрт сөндіруші болуға тырыс!» атты квестін өткізді.
Алматылық журналистерге бір сәтке өрт сөндіруші-құтқарушы болып көріп, бұл мамандықтың қиындықтарын сезініп көру ұсынылды. Қалам мен бейнекамера шеберлеріне түтін камерасынан өтіп, психологиялық және физикалық дайындық жолақтарынан өтіп, зардап шеккен адамды тауып, құтқарып, ғимараттан эвакуациялауды ұсынды.
Имилдждік іс-шара ТЖД жеке құрамының күшімен құрылған және өрт сөндіру кезіндегі экстремалды іс-қимылдарға психологиялық дайындыққа бағытталған оқу-жаттығу кешенінде ұйымдастырылды. ТЖД бастығы Руслан Қасымбаев БАҚ-қа үлкен еңбегі үшін алғыс айтып, ізгі тілектерін білдірді.
Жарысқа «Алматы», «Ұлттық арна» телеарналарының, «Заң кз» ақпараттық агенттігінің, «Время» республикалық қоғамдық саяси газетінің, «Inbusiness kz» ақпараттық агенттігінің «Вечерний Алматы» қалалық газетінің өкілдері, қаланың әлеуметтік желілерінде танымал парақшаларды жүргізетін блогерлер, операторлар мен кәсіби фотографтар қатысты.
Квестті ТЖД бастығы полковник Касыбаев Руслан қорытындылады-жүлдегерлер мен қатысушыларды естелік сыйлықтармен және грамоталармен марапаттады.
Алматы ТЖД Баспасөз қызметі